
– Жылды қорытындылап, комиссия отырысын өткізіп отырмыз. Мемлекет басшысы, бала құқықтарын қорғау мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін нақты атап өтті. Қолданыстағы Заң талаптарына сәйкес, тиісті мемлекеттік органдар кәмелетке толмағандардың құқықтарының қорғалуы бойынша – алу бағытында тұрақты түрде түрлі шараларды қабылдап отыруы міндетті. Бүгінде облысымызда бала құқықтарын қорғау бойынша алдын-алу бойынша жүйелі түрде алдын-алу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқандығына қарамастан, келеңсіз оқиғалардың орын алатыны өкінішті. Құқықбұзушылықтың азаюын жай есеппен емес, нақты көрсеткішпен дәлелдеу қажет. Жастармен жұмысты жаңа форматта ұйымдастыру, креативті тәсілдерді қолдану, әлеуметтік желілерде түрлі бағыттағы роликтер мен ақпараттық контент таратсаңыздар. Келесі жылға іс-шара жоспарын құрып, жұмысты жандандырыңыздар, – деген Ертай Кенжебекұлы отырыста айтылған мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар қажетті жұмыстарды жандандыруды тапсырды.