НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ МЕН МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ МЕН МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
▪️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек және Парламент Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібековпен кездесті. Басқосуда елімізде қабылданып жатқан жаңа заңдар, олардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы және Түркістан облысының биылғы көрсеткіштері кеңінен талқыланды.
▪️Кездесуде халық қалаулылары жылды қорытындылап, заң шығару органында атқарылған негізгі жұмыстарды баяндады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және экономикалық реформаларын жүзеге асыру, елімізді дамыту бағытындағы бастамаларға тоқталды. Өңірдің тыныс-тіршілігімен танысты.
▪️Облыс әкімі Нұралхан Көшеров 2025 жыл Түркістан облысы үшін табысты болғанын атап өтті. Жыл қорытындысымен 43 елді мекенге табиғи газ тартылып, газбен қамту деңгейі 88,9 пайызға жетті. Қазіргі таңда облыста 606 елді мекен немесе 1,9 миллионнан астам тұрғын көгілдір отынмен қамтылған. Сонымен қатар 821 шақырым автожол жөндеуден өтіп, жолдардың нормативтік жағдайы 94,8 пайызды құрады. 52 мыңнан астам халқы бар 27 елді мекен сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді.
▪️Инвестиция тарту және өндірісті дамыту бағытында да ауыз толтырып айтарлық нәтижелерге қол жеткізілді. Жыл басынан бері облыста жалпы құны 322 млрд теңгені құрайтын 52 инвестициялық жоба іске қосылып, 7 636 жаңа жұмыс орны ашылды. Өнеркәсіп саласында 11 айдың қорытындысымен 1,4 трлн теңгеге өнім өндіріліп, өсім 112,5 пайызды құрады.
▪️Облыстың өнеркәсіптік әлеуетін арттыру мақсатында 20 индустриалды аймақ және «Turan» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді. Индустриалды аймақтарда 39 млрд теңгеге 50 жоба іске асса, «Turan» арнайы экономикалық аймағында 223 млрд теңгеге 20 ірі жоба жүзеге асырылуда. Сонымен қатар Мақтаарал ауданында құрылған «Орталық Азия халықаралық кооперация орталығы» арқылы 133 млрд теңге инвестиция тартылып, 1 175 жұмыс орны ашылады.
▪️Кездесуде Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заңның қабылдануы өңір үшін маңызды тарихи жетістік ретінде атап өтілді. Аталған заң Түркістанның рухани-тарихи келбетін сақтай отырып, қаланың кешенді дамуына, инфрақұрылымды жетілдіруге, туризм мен инвестициялық тартымдылықты арттыруға жаңа серпін береді.
▪️Сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, туризм және ауыл шаруашылығы салаларында атқарылған жүйелі жұмыстар өңір экономикасының тұрақты дамуына ықпал етуде.
▪️Депутаттар Парламентте қабылданып жатқан жаңа заңдар туралы ақпарат беріп, олардың өңірлердің дамуына бағытталғанын атап өтті. Мемлекетті дамыту бағытындағы бастамаларды заңнамалық тұрғыда қолдау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі