
– Біз үшін Байдаркада мен каноэде есуден Азия конфедерациясы арасындағы байланыстың нығая түсуі ерекше маңызға ие. Түркістан қаласында халықаралық стандарттарға сай ескек есу каналының іске қосылуы осыған мүмкіндік береді. Ескек есу арнасы – еліміздегі теңдесі жоқ заманауи спорттық нысан. Каналда республикалық, азиялық және әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге толық мүмкіндік жасалған. Қазіргі таңда мұнда 6 спорт түрі дамытылады: академиялық есу, байдарка мен каноэда есу, параканоэ, ашық суда жүзу және триатлон. Аталған спорт түрлері бойынша облыс көлемінде 50 жаттықтырушы, 350 спортшымен жұмыс істейді. Бүгінгі таңда Түркістан облысының спортшылары ескек есу спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының басым бөлігін құрайды. Келесі жылы Түркістан қаласында жасөспірімдер мен жастар арасындағы байдарка мен каноэде есуден және ерсектер арасында параканоэден Азия чемпионатын маусым айында өткізу туралы тарихи шешім қабылданды, – деген Ертай Кенжебекұлы халықаралық спорттық іс-шараны өткізу жауапкершілігін сеніп тапсырғандары үшін алғысын білдірді.