ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР ТАЛАБЫ ТЫҢДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР ТАЛАБЫ ТЫҢДАЛДЫ
▪️Түркістан облысының «Ашық әкімдік» кеңсесінде жиі жеке қабылдау өткізіліп, тұрғындар өтініші заң аясында шешімін тауып келеді. Бүгін кезекті рет облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев әртүрлі салалар бойынша тұрғындарды жеке қабылдап, мәселерін тыңдады.
▪️Жеке қабылдауға келген тұрғындар әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету, сондай-ақ білім мен денсаулық салаларына қатысты мәселелерді көтерді. Кейбір тұрғындар бейне байланыс арқылы қосылып, шағымдары мен ұсыныстарын жеткізді.
▪️Облыс әкімінің орынбасары тұрғындарының өтініштерін мұқият тыңдап, заңды шешілу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар тиісті басқарманың жауаптыларына нақты тапсырмалар беріп, кейбір өтініштер бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізуді жүктеді. Тұрғындар тарапынан айтылған өтініш пен ұсыныс-пікірлер хаттамаға түзіліп, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі