Құрметті Түркістан облысының тұрғындары! Қадірлі жерлестер!

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары! Қадірлі жерлестер!
Сіздерді еліміздің қастерлі әрі ұлық мерекесі 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік – біздің рухани тірегіміз, болашағымыздың берік негізі. Бұл күн – ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманы орындалған, егемен еліміздің туы желбіреген тарихи сәт. 16 желтоқсан – ұлт болашағы үшін шейіт болған, адал еңбек еткен қаһармандар мен тұлғаларды еске алып, рухына тағзым ететін күн.
Өйткені осы бейбіт заман мен азат елдің дамуында мыңдаған тұлғалардың еңбегі жатыр. Сол еңбек пен ерліктің нәтижесінде Тәуелсіздік тұғырына қонған ел болдық.
Тәуелсіздік жылдары елімізде барлық салада ауқымды өзгерістер болды. Түркістан облысы да осы даму жолында табысты қадам жасап келеді. Өңірімізде өндіріс өркендеп, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, инфрақұрылым мен туризм салаларында нақты нәтижелер бар. Биылдың өзінде өңірге 1,2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылып, заманауи кәсіпорындар салынды. Әлеуметтік нысандар бой көтеріп, ел игілігіне берілді. 122 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, халықтың әл-ауқаты артуда. Бұл көрсеткіш – өңір экономикасының тұрақты даму қарқынын дәлелдейді.
Мұның бәрі – халқымыздың бірлігінің, табанды еңбегінің жемісі. Ел үшін аянбай еңбек етіп жүрген баршаңызға зор алғысымды білдіремін.
Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бақ-береке тілеймін! Тәуелсіздігіміз баянды, елдігіміз берік болсын!
Құрметпен:
Түркістан облысының әкімі,
Н.КӨШЕРОВ.