🏆 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ– «ЕҢ ҮЗДІК ОЛИМПИАДАЛЫҚ КОМАНДА–2025»!

🏆 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ– «ЕҢ ҮЗДІК ОЛИМПИАДАЛЫҚ КОМАНДА–2025»!
📚 Ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы қорытынды кезеңінде Түркістан облысының командасы «Ең үздік олимпиадалық команда–2025» атағына ие болды.
🗓️ 2025 жылдың 9–13 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен байқауға еліміздің барлық өңірінен 432 оқушы қатысты. Олимпиада 7 пән бойынша, екі турда ұйымдастырылды.
🎯 Байқаудың басты мақсаты – ауыл оқушыларының әлеуетін ашу, дарынды жастарды қолдау және зияткерлік дамуына жағдай жасау.
🏅 Нәтижесінде қатысушылардың 45%-ы жеңімпаз және жүлдегер атанып, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталды.
📊 Түркістан облысынан 28 оқушы қатысып, 24 оқушы жүлделі орын иеленді:
🥇 I орын – 5
🥈 II орын – 6
🥉 III орын – 8
📜 Мақтау қағазы – 5
✨ Бұл нәтиже – ауыл мектебінің әлеуеті жоғары екенін, ұстаздар еңбегінің жемісті екенін дәлелдейді.
👏 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
Жастарымызға толағай табыс, биік белестер тілейміз!