Бокстан Дубайда IBA ұйымдастырған әлем чемпионаты аяқталды. Дүбірлі сында Қайрат Сәтжанов бастаған ұлттық құрама 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль иеленді.
Олар:
Сәкен Бибосынов (54 кг)
Оразбек Асылқұлов (57 кг)
Абылайхан Жүсіпов (71 кг)
Сабыржан Аққалыков (75 кг)
Теміртас Жүсіпов (48 кг)
Ертуған Зейнуллинов (63.5 кг)
Түркістан облысысының өрені Сәкен Бибосынов финалда қазақстандық боксшы ресейлік Вячеслав Рогозинді жеңіп, чемпион болды. Осылайша, екі дүркін әлем чемпионы атанып, есімін тарихқа алтын әріппен жазды.