ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БЕКЕТІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БЕКЕТІ ЖАҢАРТЫЛДЫ
▪️Сайрам ауданы бойынша жедел медициналық жәрдем қызметінің №22 Ақсукент бас бекетінде реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп, бүгін салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті.
▪️Ашылу салтанатына Сайрам ауданының әкімі арнайы қатысып, медицина қызметкерлерін құттықтады. Сонымен қатар осы салада аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар мамандар арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.
▪️Жедел жәрдем бекеті үнемделген бюджет қаражаты есебінен және демеушілердің қолдауымен жаңғыртылды. Нәтижесінде аудан аумағындағы барлық бекеттердің бақылау және үйлестіру жұмыстары күшейтілді.
▪️Айта кетейік, Сайрам ауданында жедел медициналық жәрдем қызмет көрсету радиусы 100 шақырымды құрайды. Ауданда 3 кіші бекет, 6 дислокациялық пост және 21 жедел жәрдем бригадасы қызмет атқарады. Соның ішінде, Ақсукент бекетінде 13 бригада, жалпы саны 180 қызметкер жұмыс істейді. 20 дәрігер, 101 фельдшер және 59 жүргізуші бар. Қазіргі таңда бас бекет заман талабына сай жабдықталып, барлық қажетті заманауи құралдармен толық қамтамасыз етілген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі