🏭 КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖҰМЫСҚА ҚАЛАЙ ОРНАЛАСУҒА БОЛАДЫ?

🏭 КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖҰМЫСҚА ҚАЛАЙ ОРНАЛАСУҒА БОЛАДЫ?
🔎 Жұмыс берушілер enbek.kz порталында бос жұмыс орындарын жариялайды. Мұнда зауыттарға арналған жұмыс түрлері, талаптар мен жалақы көрсетіледі.
💼 Жергілікті мансап орталықтары арқылы жұмыссыз азаматтарға немесе жас мамандарға «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» жобалары бойынша жолдама беріледі.
💻 Жұмыс іздеуші Enbek.kz порталынан немесе мансап орталықтары арқылы өзіне лайықты бос орындарды қарап, түйіндемесін жолдай алады.
📑 Мансап орталығы білімі мен тәжірибесіне қарай жұмыс ұсынады. Егер лайықты орын табылса, азаматқа жолдама қағаз немесе электронды түрде беріледі.
📃 Жолдамада мекеме атауы, лауазым, сұхбат уақыты мен байланыс нөмірі көрсетіледі. Азамат сұхбатқа барып, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.
Айта кетейік, 2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдаймен Түркістан облысы бойынша 9 ірі кәсіпорынға 372 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Атап айтқанда, Сайрам ауданы бойынша «Kaz eco meat» ЖШС-на 36 адам, «AYKAN» ЖШС-на 10 адам, Созақ ауданы бойынша «Волковгеология ГРЭ-5» АҚ-на 55 адам, «Волковгнология ГРЭ-7» АҚ-на 45 адам, «KapLogistic» ЖШС-на 65 адам, «Drilling» ЖШС-на 36 адам, Сарыағаш ауданы бойынша «Bah_Asmar» ЖШС-на 45 адам, Ордабасы ауданы бойынша «Altyn Land» ЖШС-на 55 адам, «CENTRAL ASIA ALUMINUM» ЖШС-на 25 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі