ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕР ЖАҢА ТӘСІЛМЕН ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛА БАСТАДЫ

ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕР ЖАҢА ТӘСІЛМЕН ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛА БАСТАДЫ
Енді елімізде жекеменшік мектептерге қаржы e-Qazyna платформасындағы OrtaBilim цифрлық сервисі арқылы бөлінеді.
💡 Қаржыландыру процесін жеңілдетіп, ашық ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін барлық бюджет, реестр, мектеп өтінімдері мен кезегі ашық форматта жарияланады.
🔗 Жаңа жүйе бойынша әр мектеп, мұғалім және оқушы туралы деректер автоматты түрде мемлекеттік базалармен салыстырылады.
🧾 Оқушылар мәліметі электронды күнделік жүйесімен біріктіріліп, қаржы нақты оқушылар санына қарай төленеді.
💰 Еліміздегі барлық жекеменшік мектептерге жалпы 64 млрд теңге көлемінде қаржы бөлу жоспарланып отыр.
📅 Жергілікті білім басқармалары бюджеттерін жариялаған соң ғана мектептер өтінім бере алады.
❗️Жүргізілген тексеріс нәтижесінде кейбір мектептерде оқушылар санының жалған көрсетілуі, жұмыс істемейтін мұғалімдердің тізімге енгізілуі және ғимараттың талапқа сай келмеуі сияқты заң бұзушылықтар анықталды.