САРЫАҒАШТЫҚ ШАРУА ЖЫЛЫЖАЙДАН ЖЫЛЫНА 200 ТОННА ЛИМОН ЖИНАП ОТЫР

САРЫАҒАШТЫҚ ШАРУА ЖЫЛЫЖАЙДАН ЖЫЛЫНА 200 ТОННА ЛИМОН ЖИНАП ОТЫР
Сарыағаш ауданындағы "Жабай ата" шаруа қожалығы тропикалық белдеуде ғана өсетін жемісті жерсіндіріп, жылына 200 тоннаға дейін өнім жинауда. Осыдан 3 жыл бұрын егілген лимон ағаштары бүгінде жайқалып өсіп, жеміс беріп тұр.
Шаруаның айтуынша, жерді тұздылығынан айырып, жәндіктерден тазарту үшін алғашқыда қияр-қызанақ секілді өнімдер еккен. Бүгінде шаруашылықтың 12 гектар жерінде лимон ағаштары жеміс беруде. Әр гектарға 800 түп ағаш егілген. Лимон ағаштары енді 30-40 жылға дейін өнім береді. Шаруа лимон көшеттерін көршілес Өзбекстаннан әкелген. Жеміс ағаштарынан биылдың өзінде 200 тонна, ал алдағы уақытта 1 гектардан 40-50 тоннаға дейін лимон жинауды жоспарлап отыр. Өнім негізінен ішкі нарықта саудалануда. Қазіргі таңда жылыжайда 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.