ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕР ҚАЛАЙ ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАДЫ?

ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕР ҚАЛАЙ ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАДЫ?
🔎 Жекеменшік мектептерге жүргізілген талдау нәтижесінде оқушыларды есепке алу мен қаржыландыруда сәйкессіздіктер анықталды.
📊 ҰБДҚ-да (Ұлттық білім беру дерекқоры) мемлекет есебінен қаржыландырылатын мектепке тіркелген балалардың шын мәнінде басқа оқу орнында оқитыны белгілі болды.
❗️Осы мәселені шешу мақсатында Қаржы министрлігіне қарасты «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ жаңа ақпараттық жүйе әзірледі.
📄 ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №251 бұйрығы мен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес, жекеменшік мектептерді қаржыландыру бойынша пилоттық жоба енгізілуде.
🏫 Түркістан облысында 157 жекеменшік мектеп «e-Qazyna» порталында құжаттарын жүктеп, келісімшарт жасасты.
🖥 Қазір «BilimClass.kz» платформасы арқылы балалардың сабаққа қатысуы мен басқа мектепке ауысу деректері тексерілуде.
📥 Мәліметтер толық тексерілген соң, қызмет көрсету актісі рәсімделіп, Қаржы орталығына жолданады.
💰 Бүгінгі күнге дейін Қаржы орталығы 110 мектепке қаражат аударды.