ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
▪️Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков бекітілген кестеге сәйкес, «Ашық әкімдік» кеңсесінде тұрғындарды жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
▪️Сарыағаштан келген тұрғындар Ердәуіт ауылындағы теміржол станциясының құрылысына байланысты өздеріне тиесілі жердің мемлекет мұқтаждығына жартылай алынуымен келіспейтінін жеткізіп, ұсыныстарын ортаға салды. Облыс әкімінің орынбасары жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару заңдылығын түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді.
▪️Төлеби ауданының азаматы Біркөлік ауылындағы заңсыз берілген жер телімдеріне қатысты мәселе көтеріп, шара көруді сұранды. Нұрбол Тұрашбеков облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысына Жер ресурстарын басқару департаментімен бірлесіп комиссия түзуді тапсырып, зерделеу жүргізуді жүктеді. Нәтижесі бойынша заң аясында нақты ұсыныс енгізуді ескертті.
▪️Түркістандықтар қалалық Жер қатынастары бөлімінің еңбек шартына қатысты шағымын, сондай-ақ, жеке өтініштерін айтып, көмек сұрады.
▪️Жалпы, облыс әкімінің орынбасары жыл басынан бері 11 рет жеке қабылдау өткізіп, 77 азаматты қабылдаған. Жеке қабылдауларда жер саласы бойынша 37 мәселе, ауыл шаруашылығына қатысты 17 мәселе, табиғатты қорғау саласы бойынша 6 мәселе, ветеринария саласы бойынша 3 мәселе көтерілген. Барлық мәселелердің заңдылығы сараланып, тиісті жұмыстар атқарылды.
▪️Айта кетейік, облыс әкімі мен оның орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдауды тұрақты түрде жалғастыратын болады. Жеке қабылдауға жазу жұмыстарын Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы және «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі