ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ЖАҢА ПРОКУРАТУРА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ЖАҢА ПРОКУРАТУРА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
📍Түркістан облысы, Ордабасы ауданының орталығы – Темірлан ауылында аудандық прокуратура ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғабит Садырбеков, ҚР Бас прокуратура жанындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Миразов, Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, аудан жұртшылығы мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
▪️Жаңа нысанның ашылу рәсіміне арнайы қатысқан ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғабит Садырбеков көпшілікті жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтап, аудандық прокуратура ұжымының алдағы уақытта да азаматтардың құқықтары мен заңдылықты қорғау бағытында абыроймен еңбек ететініне сенім білдірді. Прокуратура қызметінің сапалы атқарылуына жағдай жасау – мемлекет саясатының маңызды бағыты екенін атап өтті.
▪️Салтанатты шарада Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов құттықтау сөз сөйлеп, аудандық прокуратураның жұмысына сәттілік тіледі.
📌– Бүгін біз үш жүздің басы қосылған, қасиетті Ордабасы ауданында қуанышты сәтте жолығып тұрмыз. Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында прокуратураның ғимараты ашылды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жұртты саяси прагматизмге шақырып, қоғамда Заң мен тәртіпті орнықтыру маңызды» деп атап өткен болатын. Бұл ретте прокуратура саласының өкілдерінің қажырлы еңбегі қажет. Сондықтан бүгін ашылған жаңа ғимаратты құқықтық жүйенің дамуы мен болашаққа деген сенімнің символы деп білеміз. Себебі, сала қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасау – «Әділетті Қазақстан» идеясымен үндесетін игі қадам. Аудан прокуратурасы ұжымы бұл ғимаратта қоғамның барлық саласында азаматтардың құқықтарын қорғау жолында аянбай қызмет ететініне сенемін. Ғимарат жаңа заман талаптарына сай салынған. Құқық қорғау өкілдерінің сапалы жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалған. Жаңа нысан өңірдің өркендеуіне қызмет ете берсін! – деген Зұлпыхар Жолдасов ғимараттың құрылысын сапалы әрі уақытында аяқтауға атсалысқан барлық азаматтарға алғысын білдірді.
▪️Іс-шарада ғимарат құрылысына атсалысқан мердігер компания өкілдері мен жұмысшылар марапатталды. Қонақтар жаңа нысанды аралап көріп, аулаға ағаш отырғызды.
▪️Нысан жергілікті бюджет есебінен бой көтерді. Құрылыс жұмыстарын «Строй Жол Сервис KZ» ЖШС 2024 жылдың қыркүйек айында бастаған. Екі қабатты ғимараттың жалпы алаңы 860 шаршы метр. Нысан 0,20 гектар аумақта орналасқан.
▪️Бұл бастама азаматтардың құқығын қорғау жұмыстарының сапасын арттырып, құқықтық мәдениетті нығайтуға жол ашады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі