Мысыр астанасы Каирде өткен жекелей әлем чемпионатында Түркістан облысының мақтанышы, каратэ-кумитеден 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Әсел Қанай қола медальға қол жеткізді. Түркістандық спортшы жүлдеге таласта украиналық Олександра Шолохованы 3:2 есебімен ұтып, Қазақстан қоржынына маңызды медаль салды.
Тарихи жеңіспен оралған Әсел Қанайды Түркістан халықаралық әуежайынан облыстық спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров бастаған спорт саласының өкілдері, ата-анасы, бапкерлері және жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алды. Спорт жанашырлары жүлдегер жерлесімізге құрмет көрсетіп, жеңісімен құттықтады.
Биылғы маусымды жоғары нәтижемен қорытындылаған Әсел Қанай қысқа демалыстан кейін Азия ойындарына тыңғылықты дайындықты бастайды.
Айта кетейік, Әсел – Түркістан облыстық олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерінен мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі