Алматы қаласында өткен жалпы білім беру ұйымдары арасындағы VII республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауында Түркістан облысының оқушылары жоғары нәтижеге қол жеткізді. Биылғы додаға еліміздің 18 облысы мен 4 қаласынан 25 оқушы қатысты.
Түркістан облысының намысын қорғаған қатысушылар төмендегідей жүлделі орындарды иеленді:

I орын – Созақ ауданы, Созақ мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Әбдіқадыр Ислам

II орын – Төлеби ауданы, Әңгір ата мектебінің 11-сынып оқушысы Исахан Балнұр
«Ділмар» шешендік өнер байқауы – оқушылардың сөйлеу мәдениетін, шешендік шеберлігін және ұлттық әдебиетке қызығушылығын арттыруды мақсат ететін маңызды зияткерлік сайыс.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі