ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ СЕРВИСІН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ СЕРВИСІН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
▪️Республикалық жолдардағы сервис сапасын арттыру бағытындағы кешенді жұмыс аясында Түркістан облысында жол бойы қызмет көрсету нысандары ретке келтіріліп жатыр.
▪️Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың тапсырмасымен Түркістан–Шымкент және Шымкент–Сарығаш бағыттарында орналасқан сервистік нысандарды жаңғырту шаралары жүйелі түрде қолға алынды. Аталған жұмыстар арнайы Жұмыс тобы тарапынан бақылауға алынған.
▪️«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына қарасты нысандардың бірқатары қазіргі заман талаптарына сай жаңартылып, қызмет сапасы жақсартылды. Сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге тиесілі сервистік нысандарда да ретке келтіру және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
▪️Қазіргі таңда 15 нысан толық заманауи форматқа сәйкестендірілді, ал 70 нысанда жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл шаралар республикалық маңызы бар жолдардағы қызмет сапасын көтеруге және жол бойындағы инфрақұрылымды біріздендіруге бағытталған.