ЖЕКЕ КӨМЕКШІ ҚЫЗМЕТТЕРІН ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

ЖЕКЕ КӨМЕКШІ ҚЫЗМЕТТЕРІН ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?
Жеке көмекшінің қызметтерін алу мүгедектігі бар адамға жеке оңалту және абилитациялау бағдарламасы (ЖОАБ) негізінде жүзеге асырылады.
Мүгедектігі бар адам ЖОАБ негізінде Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) өтініш береді. Өтініш ХҚКО-да тіркелгеннен кейін, мүгедектігі бар адам Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, жеке көмекші қызметтерін ұсынатын ұйымды таңдайды.
Егер мүгедектігі бар адамның компьютер немесе басқа техникалық құралдары болмаса, ол жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгініп, консультанттардан көмек ала алады.
Әлеуметтік қызметтер порталында қызмет жеткізушіні таңдағаннан кейін, мүгедектігі бар адам жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну туралы шартқа қол қояды.