ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛУДЕ
▪️Түркістан облысы әкімдігінде бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке қабылдау тұрақты түрде жалғасуда. Бұл жұмыс тұрғындардың арыз-шағымын, ұсыныс-пікірін тікелей тыңдап, мәселелерді жедел шешуге бағытталған.
▪️2025 жылғы 9 айдың қорытындысымен жеке қабылдауға 1 025 азамат жазылған. Жеке қабылдауға жазылған тұрғындарға 65 қабылдау ұйымдастырылып, онда 593 азаматтың өтініштері мен ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
▪️Жеке қабылдауда болған азаматтар тарапынан түрлі салаларға қатысты 600-ге жуық өтініш пен ұсыныс-пікірлер айтылды. Өтініш иелерінің басым бөлігі тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім, инфрақұрылым, жер даулары, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау салаларына қатысты мәселелерді жиі көтерген. Сонымен қатар тұрғындар мәдениет және спорт, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік салаларына қатысты өтініштермен жүгінген. Әрбір азаматтың мәселесі мұқият қаралып, заң аясында шешу жолдары қарастырылуда.
▪️Облыс әкімінің жеке қабылдауының қорытындысымен түзілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы қатаң бақылауда. Жауапты мекемелерге берілген 366 тапсырманың 355 тапсырмасы орындалған болса, қалған тапсырмалар орындалу барысында. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасарларының қабылдау қорытындысымен 249 тапсырма беріліп, орындауға жолданған. Жеке қабылдаулар алдағы уақытта да жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі