НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ КОРЕЯЛЫҚ ИНВЕСТОРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ КОРЕЯЛЫҚ ИНВЕСТОРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ
▪️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Оңтүстік Корея мемлекетінен келген инвестор Со Вон Енмен кездесті. Тараптар әріптестікті нығайту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдарын қарастыру бойынша келіссөз жүргізді. Өңір басшысы Түркістан облысының инвестициялық әлеуетімен таныстырды.
📌– Өңірде инвестиция тартуға басымдық беріліп отыр. Инвесторлар мен кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасалуда. Облыста 20 индустриалды аймақ пен шағын өндірістік парктер бар. Арнайы экономикалық аймақтар да жұмыс істеп тұр. Корея Республикасымен бірлесіп, Түркістанда ІТ мамандарын даярлайтын «Woosong University Kazakhstan» жоғарғы оқу орны ашылды. Өзара түсіністік пен байланыс бар. Әріптестікті тереңдетуге дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров.
▪️Кездесуде Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті, өңірде инфрақұрылым, өнеркәсіп, туризм, ауыл шаруашылығы, білім беру мен денсаулық сақтау салалары бойынша жүзеге асырылған және енді қолға алынатын жобалар таныстырылды.
▪️Екі тарап инфрақұрылым – соның ішінде жол, энергетика, әлеуметтік инфрақұрылымдар және өңірдің дамуына инвестиция тарту, шетелдік компаниялармен әріптестік орнату мүмкіндіктерін талқылады.
▪️Айта кетейік, биылғы 10 айда облысқа 1178,4 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылды. Жыл басынан бері 90-нан астам шетелдік компаниямен кездесулер өтіп, Қытай, Иран және Өзбекстанға ресми сапарлар ұйымдастырылды. 2025-2028 жылдар аралығында облыста 111 инвестициялық жоба іске қосылып, оның нәтижесінде 23 915 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі