ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНА АРНАЙЫ ҚОР ЕСЕБІНЕН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНА АРНАЙЫ ҚОР ЕСЕБІНЕН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
📍Түркістан облысы, Сайрам ауданына қарасты Ақсукент кентінде орналасқан Сайрам аудандық орталық ауруханасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
▪️Аудандық орталық ауруханасына күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.
▪️2024 жылы «КазЕвроСтрой» ЖШС аудандық аурухананың Б блогы, балалар бөлімшесіне толығымен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 300 млн. қаржы бөлінді. Күрделі жөндеу жұмыстарына қажетті қалған 2,8 млрд. теңге 2025 жылдың қыркүйек айында республикалық арнайы қордан қаржыландырылды.
▪️Қазіргі таңда нысанда күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл жұмыстарды 2026 жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі