
Сондай-ақ жиын барысында облыстағы ауыл-аймақтың өркендеуіне үлес қосқан жомарт жандардың атқарған игі істері ерекше аталып өтті. Олар бірқатар елді мекенде жаңа үйлер тұрғызып, балабақша мен мектеп салуға бастамашы болды. Ауылдарда мешіттер бой көтеріп, халықтың рухани өміріне жаңа тыныс берді.