
«Биыл науқан - «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігейік» - деген ұранмен өтеді. Осы уақыт аралығында халықпен кездесулер, мобильді топтардың жұмысы, жедел желілер, флешмобтар, дөңгелек үстелдер, ұйымдар мен оқу орындарында семинарлар өткізу жоспарланып отыр. Біз зардап шеккендерге арналған іс-қимыл алгоритмдерін түсіндіруді күшейтеміз. Яғни, жадынамалар, инфографика, әлеуметтік роликтер мен билбордтар орналастырамыз»- деді спикер.