"TIITF-2025" форумы аясында Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов бірқатар инвесторлармен жеке кездесулер өткізіп, өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған арнайы жобаларды таныстырды. Кездесулер барысында туризм инфрақұрылымын дамыту, жаңа туристік нысандар ашу, сервис сапасын жақсарту және экотуризм бағыттарын кеңейту бойынша ұсыныстар қарастырылды. Инвесторлар Төлеби өңірінің табиғи байлығы, қолайлы климаты мен географиялық артықшылықтарын атап өтіп, бірлескен жобаларға қызығушылық білдірді.
Аудан әкімі туризм саласын дамытудың аудан экономикасы үшін маңызын ерекше атап өтіп, жаңа жобалар жергілікті кәсіпкерлікті қолдауға, қосымша жұмыс орындарын ашуға және инвестициялық ахуалды нығайтуға мүмкіндік беретінін айтты. Форум аясындағы келіссөздер ауданның туристік саласын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған нақты бастамаларды іске асыруға жол ашпақ.