
Жиында «Парыз» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы президиумының төрағасының орынбасары – Тимур Нақыпбеков модератор болды. Спикерлер қатарында Шэньси провинциясының шетелдік мемлекеттермен достық қоғамының хатшылық бастығы – Бан Хуэй, ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь, Сиань қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы – Жошыхан Қыраубаев, «Souths Oil» компаниясының президенті – Серікжан Сейтжанов, Бачжоу қалалық халық үкіметінің хатшысы (ҚХР) – Му Хэжун, кәсіпкер, «Karazhal Operating» және «Global Chemicals Company» компанияларының негізін қалаушы, Қазақстан Республикасының Ұлттық жұмыс берушілер (кәсіпкерлер) конфедерациясы ҚБ президиумының төрағасы Жұмабек Жанықұлов қатысты.