ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАҒЫ БІР БІЛІМ ҰЯСЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАҒЫ БІР БІЛІМ ҰЯСЫ АШЫЛДЫ
▪️Арыс қаласының «Тараз» ықшамауданында жаңа «Келешек мектептері» жобасымен №2 мектеп өз жұмысын бастады. Заманауи білім ошағының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын тапшылығын жойылды.
▪️Мектеп директоры Талғат Сағатұлының айтуынша, жаңа нысан Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Келешек мектептері» бағдарламасы аясында бой көтеріп, биыл жаңа оқу жылының басында пайдалануға берілген.
📌– Жаңа мектептің ашылуы Арыс қаласындағы үш білім ошағында қордаланған негізгі мәселені толық шешті. Бұған дейін «Нұрсая» ықшамауданындағы И.Журба атындағы мектепте, Ақдала ауылындағы С.Ерубаев атындағы мектепте 1100-ден аса оқушының шоғырлануына байланысты айтарлықтай қиындықтар туындап келген болатын. Сонымен қатар «Онтам» ықшамауданындағы «Ынтымақ» шағын жинақты мектебінің жабылуы да қосымша жүктеме тудырды. Жаңа мектептің іске қосылуы осы үш ұйымдағы орын тапшылығын жойып, оқу процесін тұрақтандырды. Оқушылар кең әрі жарық кабинеттерге орналастырылды, мұғалімдердің жүктемесі жеңілдеді, ең бастысы – балалардың білім алу жағдайы едәуір жақсарды. Бұл – Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан “Келешек мектептері” жобасының нақты нәтижесі. Жаңа білім ордасы қаламыздағы білім сапасын арттыруға үлкен мүмкіндік беріп отыр, – деді мектеп директоры.
▪️Мұнда оқушылардың білім алуы үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Қазіргі таңда 600 орындық мектепте 515 оқушы білім алып, 49 мұғалім еңбек етуде. Олардың 30-ы – ауысу тәртібімен келген педагогтар. Мұнда 56 оқу кабинеті бар. Оның ішінде: 15 бастауыш сынып кабинеті, робототехника, STEM зертханасы, сенсорлы бөлме, хореография, логопед, психолог, әлеуметтік педагог кабинеттері мен 30 оқушыға арналған кітапхана, қыздарға аспаздық, ұлдарға шеберхана бар. Сондай-ақ физика, химия, биология, тарих, география, тіл және информатика кабинеттері толықтай заманауи стандарттарға сай жабдықталған. Заманауи спорт зал бар, инфрақұрылым дамыған. Мектепте 170 орындық асхана, 130 орындық АКТ залы, екі спорт залы (бастауыш және жоғары сыныптарға бөлек), футбол, волейбол, теннис, баскетбол алаңдары мен АӘД арналған арнайы орын, бастауыш оқушыларға арналған ойын алаңдары бар.
▪️Айта кетейік, Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Келешек мектептері» жобасы арқылы 29 білім ұясының құрылысы толық аяқталуға жақын.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі