
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласының 30 еңбеккерін мемлекеттік наградамен марапаттады. Марапатталғандардың арасында Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданындағы «Қарқын 2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нұрмахан Әбдібаев та бар. Ол ауыл шаруашылығына қосқан ерекше еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.