
Түркістан қаласына кіреберісте әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған еңселі мешіттің құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі таңда мешіттің қасбеті, мұнарасы, электрмен және сумен жабдықтау, терезе орнату жұмыстары толық аяқталған. Сонымен қатар ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысан басында 30-дан астам адам мен 9 техника жұмылдырылған. Заман талабына сай салынып жатқан мешіттің құрылыс алаңына облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы барып, жауапты басшылармен кездесті. Ол жұмысты сапалы және уақтылы аяқтау жөнінде тапсырма берді.