
– Бүгін біз Қазақстанның мемлекеттік статистика қызметінің 105 жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Осы айтулы мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауында ел дамуының жаңа басымдықтарын айқындады. Цифрлық даму, инвестиция тарту, экономиканы әртараптандыра отырып, шикізаттық сектордан терең өңдеуді дамытуды тапсырды. Осыған сәйкес статистика жүйесі заман талабына сай жаңарып келеді. Цифрлық трансформация, деректер сапасын бақылаудың жаңа тәсілдері, ашықтық пен сенімділікті арттыру бағытындағы реформалар — мемлекеттік статистикаға деген қоғам сенімін нығайтып отыр. Статистика – мемлекеттің дамуына нақты дәлел ұсынатын сала, дерек пен сенімді ақпараттың бастауы. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында экономика мен әлеуметтік саясат жүзеге асып, маңызды шешімдер қабылданады. Түркістан облысының даму көрсеткіштері де осы сапалы статистикалық деректерге сүйеніп қалыптасып отыр. Сіздер – қоғамның барометрісіздер, — деді Нұралхан Көшеров.