
– Бүгін біз ел тағдырына, рухани болмысымызға тікелей әсер ететін маңызды тақырып – ұлттық рух пен құндылықтар туралы ой бөлісуге жиналдық. Жиынға «Ұлттық рух – басты құндылық» кітабына енген, облысымызда айрықша еңбегімен танылған азаматтарымыз қатысып отыр. Рухы биік ұлт ешқашан еңсесін түсірмейді, сындарлы кезеңдерде де өз жолынан таймайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында ұлттық бірегейлікті сақтау мен мәдени мұраны жаңғыртудың маңыздылығын үнемі атап өтеді. Бұл – халқымыздың рухани өзегін нығайтып, жаңа дәуірде ұлт ретінде кемелдену жолындағы нақты бағдар. Біздің ортақ міндетіміз – ата-бабадан қалған асыл мұраны сақтап қана қоймай, оны заман талабына сай жаңғыртып, келер ұрпақтың бойына сіңіру, – деді Ертай Кенжебекұлы.