
Оқу-жаттығу барысында ауданның жергілікті атқарушы органдары, төтенше жағдайлар бөлімі, полиция және медициналық қызмет өкілдері өздерінің іс-қимыл дайындығын көрсетті. Сценарий бойынша Жаңақорған өзенінің су арнасы күрт көтеріліп, жақын маңдағы үйлерге қауіп төнген жағдайда тұрғындар дереу эвакуацияланды. Сонымен қатар су басу қаупі бар аймақтарда бөгеттерді нығайту, инертті материалдармен арнаны бекіту және техникамен қамтамасыз ету жұмыстары пысықталды.