
Түркістан қаласының сәулеттік келбетін біркелкі ету және қала аумағындағы жарнамалық нысандарды бекітілген дизайн-код талаптарына сәйкестендіру мақсатында жүйелі түсіндіру және реттеу жұмыстары жүргізілуде. Дизайн-кодтың негізгі мақсаты — қала аумағындағы барлық жарнама мен маңдайша үлгілерін бірыңғай стильде реттеу, сәулеттік үйлесімділікті сақтау және Түркістанның ұлттық нақыштағы заманауи бейнесін қалыптастыру.