ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАР «СӨЙЛЕЙТІН КІТАП» ОЙЛАП ТАПТЫ

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАР «СӨЙЛЕЙТІН КІТАП» ОЙЛАП ТАПТЫ
▪️Түркістан облысы, Отырар ауданындағы Маяқұм ауылынан шыққан оқушылар ғылым мен технология саласында үлкен жетістікке жетіп, ел назарын аударуда. Ш.Уәлиханов атындағы мектептің «Робототехника» үйірмесі бүгінде жас өнертапқыштардың шығармашылық орталығына айналған.
▪️Үйірме жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Әлия Төрегелдиева мен оның шәкірттері ерекше «Сөйлейтін кітап» жобасын әзірледі. Бұл құрылғы мектеп тарихы мен жетістіктерін қазақ тілінде таныстырады. Әр беті – білім мен еңбектің, дәстүр мен технологияның үйлесімін бейнелейді.
▪️Жобаның мақсаты – мектептің брендтік бейнесін қалыптастырып, қонақтарды жылы қарсы алу, білім ордасының рухын заманауи технология тілімен жеткізу.
▪️«Сөйлейтін кітаптан» бөлек, оқушылар «Сөйлейтін қол кептіргіш», «Сөйлейтін үтік», «Smart қол сағат» сынды бірнеше инновациялық жобалар жасап, республикалық және халықаралық ғылыми байқауларда жүлделі орындарға ие болған.
▪️Осылайша, шалғайдағы Маяқұм ауылының жас өрендері мен ұстазының еңбегі ел мерейін асырып, өңірдің білім саласындағы жетістіктер қоржынына жаңа табыс қосты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі