
Көкшенің төрінде Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты С.Ерубаев атындағы №7 мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Жібек Қалихан 1-орынды жеңіп алды. Ол шешендік өнер жанры бойынша шашасына шаң жұқтырмаған. Ал, мәнерлеп оқу жанрында сынға түскен қалалық білім бөліміне қарасты №16 мектептің 11-сынып оқушысы Қасымхан Исахан 2-орынды қанағат етті. Сондай-ақ, ұлттық аспапта өнер көрсету сайысында сайрамдық Дина Алихан, ақындар айтысы жанрында Мұхаммедали Әбсадық және жазба ақындар мүшәйрасында Мақтаарал ауданының оқушысы Диянұр Нәзірқұл үшінші орындарға жайғасты. Өнерлілер сайысында командалық есеп бойынша Түркістан облысының оқушылары үздік үштікке енді.