КЕЛЕС АУДАНЫНДА «ТЕГІН КӨШЕТ АЛЫП, ӨЗ АҒАШЫҢДЫ ОТЫРҒЫЗ» АТТЫ КҮЗГІ АҒАШ ЕГУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА «ТЕГІН КӨШЕТ АЛЫП, ӨЗ АҒАШЫҢДЫ ОТЫРҒЫЗ» АТТЫ КҮЗГІ АҒАШ ЕГУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Келес ауданының орталығы Абай ауылында «Тегін көшет ал да өз ағашыңды отырғыз» атты күзгі ағаш егу акциясы өтті. Аталған жұмыстарға аудандық әкімдік қызметкерлері, өңір ардагерлері, кәсіпкерлер, тазалық қызметкерлері және еріктілер қатысты. Шараның басты мақсаты - аудан аумағын көгалдандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Игі бастамаға қатысқан аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
«Бұл игі бастама ауданымызда тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған сенбілік жұмыстары азаматтарымызды тазалық мәдениет қалыптастыруға бағытталған. Ауданымыздың әрбір тұрғыны осындай шараларға қатысу арқылы өз қоғамына, өз отбасына және табиғатты аялауы тиіс. Бұл шара тек бір күндік жоба емес дәстүрге айналған шара болуы тиіс. Сондықтан да аймақтағы барша тұрғындарды тазалық шараларына қатысуға шақырамын»-деді аудан басшысы.
Айта кетейік ағаш егу жұмыстарына 10-нан астам жуық техника жұмылдырылды. Белгіленген жоспар бойынша күз мезгілінде аудан көлемінде 25 мыңнан астам тал егу жоспарланған. Ағаш көшеттері көршілес Қазығұрт ауданындағы «Жасыл желек» мекемесіне қарасты тұқымбақтардан жеткізілуде. Сондай-ақ, барлық ағаштардың маңы суару жүйелерімен толықтай қамтылған.
Сонымен қатар, шара аясында жастар «Таза табиғат, таза болашақ» атты ұранмен флешмоб ұйымдастырды. Одан бөлек, «Бірлік ел тірегі» атты дөңгелек үстел өтті.