
Түркістан қаласында асық ату және бес асық спорт түрлері бойынша II Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге сары құрлықтың 12 елінен келген мергендер қатысып, бақтарын сынады. Атап айтар болсақ Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Пәкістан, Саха республикасы, Тәжікстан, Түркия, Түркіменстан, Үндістан елдерінен келген асықшылар екі күн бойы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін ұлттық спорт мерекесіне айналдырды.