Олжас Бектенов 2025 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы туралы: «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көктемгі егіс және күзгі жиын-терім жұмыстарын уақтылы әрі сапалы жүргізу үшін барлық қажетті жағдай жасалды»

▪️Егін жинау науқанының қорытындысы қаралған Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарын уақтылы әрі сапалы жүргізу үшін барлық қажетті жағдай жасалғанын атап өтті.
▪️Жеңілдікпен қаржыландыру көлемі, лизингті қоса алғанда, рекордтық 1 трлн теңгеге жетті. Диқандар тұқымдық материалмен, арзандатылған жанар-жағармаймен және қажетті көлемдегі тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілді. Қабылданған шаралардың және бірлескен жұмыстың арқасында мол өнім алынды.
▪️«Егіншілерімізге қажырлы әрі адал еңбектері үшін ризашылығымызды білдіреміз.
▪️Көріп отырғандай, жер жағдайы мен қолайлы ауа райы ғана емес, агротехнологияларды толық сақтау да үлкен табысқа жеткізеді. Дұрыс агротехнология – жақсы егіннің кепілі. Сонда ғана біздің өнімдеріміз экспорттық нарықтарда бәсекеге қабілетті болады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.