
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес бір жерден бірнеше өнім алу ісі Жетісай ауданында да кеңінен қолға алынған. Бұл бағытта арнайы дайындалған жылыжайлардың да көлемі жыл сайын арта түсуде. Нақтырақ айтар болсақ, биылғы жылы ауданда 129 фермерге тиесілі жылыжайларда қызанақ, қияр, болгар бұрышы, баялды, лимон және гүл көшеттері егілген. Жылыжайлардың 9,54 гектары көмірмен, 13,48 гектары табиғи газбен жылытылады.