
– Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың инвестиция тарту және жаңа өндіріс орындарын ашу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында облысымызда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өңірде зауыттар мен фабрикалардың құрылысы қарқын алып, жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Себебі әр жаңа жоба – жаңа мүмкіндік, жаңа табыс көзі. Қандай кәсіпорын ашылса да, біз оған дайын болуымыз керек. Елімізде жұмысшы мамандықтарын дамыту мен олардың мәртебесін көтеруге ерекше назар аударылып отыр. Шын мәнінде, жұмысшы мамандығы – ел экономикасының қозғаушы күші. Ол жұмыссыздықты азайтып қана қоймай, өндірістің дамуына және халықтың әл-ауқатының артуына тікелей әсер етеді. Бүгін іргетасы қаланған зауыт іске қосылған соң, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді. Жобаның сәтті жүзеге асуы отандық өнім көлемін арттыруға, импортты алмастыруға және білікті жұмысшы кадрлардың беделін нығайтуға ықпал етеді. Жаңа өндіріс ел игілігіне қызмет етсін, – деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.