
«Цифрлық Қазақстан» стратегиясына және заңнамаларға сәйкес пилоттық режимде сынақтан өткізіліп жатқан платформалар білім сапасын арттыруға бағытталған. Олар оқу үдерісін бақылау, кәсіби бағдар беру, оқушылардың жетістігін талдау, халықаралық зерттеулерге дайындық пен сыртқы бағалау жүйелерін енгізуді көздейді. Сонымен қатар жасанды интеллект технологиясы оқу процесін автоматтандыру мен жекелендіруді қамтамасыз етеді. Облыс әкімінің айтуынша, білім саласындағы маңызды қадамдар бір ғана басқарманың емес, барлық аудан мен қала әкімдерінің ортақ жауапкершілігі болуға тиіс.