
Жалпы ұзындығы 153,2 шақырымды құрайтын теміржол желісінің 24,86 шақырымы Сарыағаш ауданының аумағынан өтеді. Қазіргі таңда аталған аумақта құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Атап айтқанда, бұл бөлікте 26 жасанды құрылыс нысаны қарастырылған. Оның ішінде, 15 су өткізгіш құбыры және 11 көпір салынуда. Құрылыс жұмыстары 68 пайызға орындалған. Сарыағаш ауданы аумағындағы жер төсемдерін салу жұмыстары 82 пайызға жетті. Сонымен қатар жаңа теміржол желісі бойында электр бағаналары орнатылған. Су, газ, байланыс және электр желілерін қайта құру жұмыстары да толық аяқталған.