
– Сіздерді Түркістан облыстық фтизиопульмонология орталығының 100 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтаймын! Ғасырлық тарихы бар бұл орталық – халқымыздың денсаулығын қорғау жолында аянбай еңбек еткен бірнеше буын дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің табанды еңбегінің көрінісі. Бұл – оңай жол емес, сан мыңдаған тағдырға араша түскен, үміт отын жаққан, өмір сыйлаған қасиетті жол. Туберкулез – ғасырлар бойы адамзатқа қауіп төндіріп келген күрделі ауру. Бірақ осы дертпен күресте біздің өңіріміздің фтизиатр-дәрігерлері үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бұл – сіздердің кәсіби біліктілік адамға деген шынайы жанашырлық және адал қызметтің нәтижесі. 100 жыл – тек тарих емес, бұл – тәжірибе, табыс және тағылым. Осы уақыт ішінде орталық заман ағымына сай өзгеріп, жаңарып, ғылыми жетістіктермен ұштасып, бүгінде озық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде – деген Ертай Кенжебекұлы дәрігерлерге құрмет көрсетті.