ТҮРКІСТАН: ЖІБЕК ЖОЛЫ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ АУЫЗ СУ НЫСАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН: ЖІБЕК ЖОЛЫ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ АУЫЗ СУ НЫСАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
▪️Түркістан облысы, Сарыағаш ауданына қарасты Жібек жолы ауылдық округіндегі Жібек жолы елді мекенінде ауыз су құбырының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.
▪️Жоба бойынша елді мекенді Р-1 каналынан тартылатын магистральды суағар жүйесіне қосу көзделген. Бұл – өңірдегі ауыз су мәселесін түбегейлі шешуге бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жоба.
▪️Нысанның құрылыс жұмыстарын ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің тапсырысымен «FS Development Group» ЖШС жүргізіп жатыр. Жобаның жалпы ұзындығы 91 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда құрылыс нысанында ауыз су құбырын тарту жұмыстары толығымен аяқталып, Р-1 магистралдық құбырына қосу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар су қоймасы және қорғау пункті салынып, қажетті резервуарлар орнатылған. Құрылыс-монтаж жұмыстары 95 пайызға орындалды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі