ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
▪️Түркістан облысында жылу беру маусымы басталып, жылу қазандықтары қажеттілігіне қарай кезең-кезеңімен іске қосылуда.
▪️Жылыту маусымы Түлкібас ауданында 10 қазанда, ал Төлеби, Қазығұрт, Созақ, Сайрам, Бәйдібек аудандарында 15 қазанда басталды. Түркістан облысына қарасты қалған аудан, қалаларда жылу жүйесін 1 қарашаға дейін қосу жоспарлануда.
▪️Жалпы, облыс аумағында жылумен қамтамасыз ету бойынша 7 кәсіпорын қызмет көрсетеді. Олардың құрамында 1 жылу энергетика кешені, 36 орталықтандырылған қазандық және 2 083 автономды қазандықта жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілді. Жылу нысандары тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылумен үздіксіз қамтуға дайын.
▪️Жылыту маусымының тұрақты әрі қауіпсіз өтуі облыс басшысы Нұралхан Көшеровтің қатаң бақылауында.
▪️Айта кетейік, жылу беру маусымы сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы қатарынан 5 тәулік қатарынан +8°C-тан төмендеген жағдайда басталады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі