ТҮРКІСТАНДА ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
▪️Түркістанда өңірдегі барлық деңгейдегі мәслихаттарының депутаттары арасындағы кіші футболдан облыстық біріншілік өтті.
▪️Салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған додаға 18 команда қатысты.
▪️Футбол бәсекесінің марапаттау салтанатында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов құттықтау сөз сөйлеп, жасыл алаңда жеңіске жеткен командаларға медальдар мен кубок, ақшалай сертификаттарды табыс етті.
▪️Жарыстың қорытынды есебі бойынша жеңіс тұғырынан Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарынан құралған команда 1-орын алып, 1 млн. теңгені иемденді.
▪️Ал жүлделі 2-орыннан көрінген Төлеби аудандық мәслихатының депутаттарына 500 000 теңгенің сертификаты табысталды.
Дүбірлі додада 3-орынды Түркістан қалалық мәслихаты 300 000 теңгемен жеңіп алса, Арыс қалалық мәслихат депутаттары 4-орыннан көрініп, 200 000 теңгені иеленді.
▪️Сонымен қатар алаңда белсенділік танытқан депутаттарға арнайы номинациялар бойынша дипломдар мен 50 мың теңгеге қаржылай сертификаттар табысталды.
▪️Жетісай аудандық мәслихат депутаты Әділхан Асауов – «Үздік ойыншы», Бәйдібек ауданының қатысушысы Нұрғали Тұрлыбеков – «Үздік шабуылшы», Мақтаарал ауданының қатысушысы Мұхан Тұрсынханов – «Үздік қақпашы», Сайрам ауданының қатысушысы Қадырбек Қуатбеков – «Үздік қорғаушы» атанды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі