БІЛІМ САЛАСЫНА ЖӘНЕ ҚОҒАМДАҒЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ САҚТАУҒА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

БІЛІМ САЛАСЫНА ЖӘНЕ ҚОҒАМДАҒЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ САҚТАУҒА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
▪️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өңірдегі өзекті мәселелер талқыланған жиналыс өтті. Оған құқық қорғау органдарының басшылары, аудан, қала әкімдері қатысты. Мәжілісте облыстағы білім беру мекемелерінде оқу процесін сапалы жүзеге асыру, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау мәселелері сөз болды. Өңір басшысы жауапты тұлғаларға жұмысты сапалы атқаруды тапсырды.
📌– Өскелең ұрпаққа ұлтымыздың салт-дәстүріне сай тәрбие беру – қызметтеріңіздің басты бағыты болуы қажет. Мұғалімдердің біліктілігін көтеру бағытында жұмысты жалғастырыңыздар. 2025 жылдың 9 айында орта білім беру мекемелерінің 7309 мұғалімі біліктілік арттыру курстарынан өткен. Қалған 3 айда да біліктілік курстары жалғасады. Жалпы, барлық сала бойынша мәселелер тұрақты бақылауға алынып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, ел бірлігін нығайту бағытында жұмыстар атқарылуы тиіс, – деді Нұралхан Көшеров.
▪️Мәжілісте Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Орынов пен Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының баяндамалары тыңдалды. Жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі