
Рүстем Сабыржанұлы өз сөзінде медицина қызметкерлерінің халықпен тікелей байланыста болатынын айта келе, олардың қоғамда рухани мәдениетті қалыптастырудағы рөлінің ерекше екенін атап өтті. Асхан Байдувалиев медицина қызметкерлерінің кәсіби міндетімен қатар, ұлттық және адамгершілік құндылықтарды сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Ал теолог Нұрлан Асанов радикалды ағымдардың қоғамға тигізер зиянын түсіндіріп, ұлттық сана мен діни сауаттылықты арттырудың қажеттілігіне назар аударды.