
Айта кетсек, Бірлестік төрағасы Бердіғали Өмірәлі мырзаның басшылығымен кәсіподақ ұйымдары еңбек ұжымдарының құқықтарын қорғау, әлеуметтік серіктестік орнату, ұжымдық шарттар жасасу, жастар мен әйелдер арасындағы белсенділікті арттыру бағытында ауқымды жұмыс атқаруда. Кәсіподақ ұйымдарының қатысуымен облыста көптеген әлеуметтік мәселелер оң шешімін тауып, еңбеккерлер мен жұмыс берушілер арасында өзара түсіністік пен келісімге негізделген тұрақты байланыс қалыптасқан.