
Облыс бойынша биыл «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 7 мәдениет нысанында (Бәйдібек – 1, Мақтаарал – 2, Түлкібас – 1, Сауран – 1, Кентау – 1, Төлеби – 1) құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар биыл 9 нысанның (Сауран – 1, Түлкібас – 2, Сарыағаш – 3, Келес – 1, Ордабасы – 1, Жетісай - 1) құрылыс жұмыстарына қаржы бөлініп, 2026 жылы пайдалануға беру көзделіп отыр. Жергілікті бюджет есебінен Түркістан қаласындағы 500 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді.