
Форумда «World Craft Council» ұйымының құрметті елшісі Азиз Муртазаев, Түркия Республикасының Түркістан қаласындағы бас консулы Левент Гуркан, Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаты Нурумова Гульдара, Қазақстан Республикасымәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, Дәстүрлі қолөнер және инновация саласындағы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра кафедрасының бас төрағасы профессор Ченг Пинг (Гуанжоу, Қытай) сөз сөйлеп, маңызды бастамалар көтерді. Сонымен бірге ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымындағы Қазақстан Республикасының өкілі Нышанқұл Қаратаева, Анкара музыка және бейнелеу өнері университетінің профессоры Рухи Конак, Орта Азия қолөнер ұйымының президенті Эльдар Аттакуров, Тәжікстан қолөнер шеберлері одағының президенті Абдукаххор Хамдамов, Қолөнершілер палатасының президенті Дәмелі Жанашева, «Turkistan qoloner» қауымдастығының президенті Индира Икапова да спикерлер қатарынан табылды.
Форумда сөз алған қатысушылар баршаны ұлттық өнерді ұлықтауға шақырды. Түркістанды халықаралық деңгейде ірі туризм орталығына айналдыру, қолөнерді жамыту бағытындағы идеяларын ортаға салды.